Байланыс 100009, г. Караганда, ул. Ержанова, 18

Серіктестерге

8 727 350 81 89

[email protected]

Үміткерлерге

8 707 184 01 60

[email protected]

Қарыз берешегін өндіру

150-ден артық қызметкерлерден құралған Дельта М командасы мәселелі несиелерді өндіру нарығындағы көшбасшы болып табылады. Біз Серіктестерімізге кез-келген саладағы барлық борышкерлерге жарамды қарыз берешегін өндірудің толық циклін ұсынамыз (сотқа дейінгі бөлімнен мүлікті мәжбүрлі жүзеге асыру, борыш қоржынын сатып алуға дейінгі кезең.

Сотқа дейінгі өндіріс

Аталмыш кезеңдегі кәсіби жұмыс – бұл:

  • операторлардың жұмыс сапасын бақылау мен оқытудың нәтижелі жүйесі бар толыққанды байланыс орталығы;
  • борышкермен байланыс жасау құралдарын қолданудың қағидаларын, тәртібін, нысанын нақты түсіне білу(SMS, IVM, IVR, Viber \ WhattsApp хабарламалары, хаттар және жеке қарым-қатынас);
  • шақыруларды жүзеге асыру мен қабылдаудың автоматтандырылған режимі , масштабтаудың кең мүмкіндіктері бар прогрессивті CRM жүйесін (Delta M. Collection) және IP байланыс-орталығын (Delta Tell) қолдану;
  • қлиентке бағытталған пәрменді саясат : Серіктестің іскерлік беделін ойлау және заңнамаға қарсы келмеу бағытында қызмет атқаратын менеджерлердің клиентпен сапалы байланыс жасауы.

Дәл осындай тәсіл қысқа мерзім ішінде борышкерді адал клиент мәртебесіне қайтаруға және сотқа арыз беруге жол бермеуге мүмкіндік береді.

Соттық өндіріс

Жақын арада біз сіздерге сот органдарына арыз беру арқылы  қарыз берешегін өндірудің  жолдарын ұсынатын боламыз.

Cоттық өндіріс қарыз берешегін қайтару мен мүлікті мәжбүрлі түрде іске асырудың өзіндік құралы бола отыра, сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асырудың қуатты стимулы болып табылады.

Біздің артықшылықтар:

  • қазақстанның бүкіл аумағындағы заңды өкілдер желісі.
  • іс жүргізушілік мерзімдерін қадағалау, міндеттерді қою және жүзеге асыру, құжаттарды рәсімдеудің ережелерін сақтауды бақылайтын IT жүйе (Delta M. Collection).
  • іс жүргізу құжаттары мен істің материалдарын электронды мұрағаттау.
  • қез-келген кезеңде әріптестікті бастаудың мүмкіндігі: талап арызды беруге дайындықтан бастап атқарушылық өндіріске дейінгі  сүйемелдеу.
  • кызметтің ақысы тек жұмыстың нәтижесіне байланыстылығы.

Қарыз берешегін сатып алу

2017  жылдан бастап біздің компания Қазақстан аумағандағы қарыз берешектері бойынша борыш қоржынын сатып алуда белсенділік танытуда.  Сатып алудың шарттары әрқилы болуы мүмкін : бір реттік төлеммен тікелей сатып алу,  төлемді бөліп жүргізу немесе қоржынды «1$» -ға сатып алу.  Оның ішінде, сатып алудың құны және мәміленің шарттары үнемі жеке талқыланады.